Азамат ресми жұмысқа орналасқан, жұмыс беруші ол үшін төлемдер жасайды. Одан бөлек бұл азаматтың жұмыс істеп тұрған жеке кәсібі бар, мұндай жағдайда ол ЖК атынан МӘМС - ке жарна төлеу керек пе?
Жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер, азаматтық - құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыскерлер және жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарын төлеушілер болып табылады («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 14 - бабының 2 - тармағы).
Егер жалдамалы жұмыскер кәсіпкерлік қызметті де жүзеге асырса, онда МӘМС төлемдері келесідей болады:
1) жалдамалы жұмыскер ретінде МӘМС - ке жарналар қызметкердің табысынан 2% мөлшерінде төленеді, МӘМС - ке аударымдар жұмыс берушінің есебінен 3% мөлшерінде төленеді;
2) ЖК ретінде төлеуші МӘМС жарналарын да төлейді, бірақ табыстан емес, ең төменгі жалақының 1,4 бөлігінің 5% мөлшерінде жарна (2024 және 2025 жылдары 5950 теңге) төлейді.
Осылайша, егер жеке тұлға жалдамалы қызметкер болып табылса және салық есептілігін (ҚР Салық заңнамасына сәйкес) ұсынуды тоқтата тұрмаған немесе әрекетсіз деп танылмаған жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда МӘМС жарналарын ЖК ретінде төлеу жөніндегі міндет одан алынбайды.
#мәмстүркістан #осмстуркестан #фсмстуркестан #Туркестан