Утебаев Асылбек Бақыттбекұлы, 05.05.1983 жылы ОҚО, Кентау қаласында дүниеге келген. Кентау қаласының № 14 мекиеп гимназиясын 2000 жылы тәмамдаған. 2000ж -2006ж аралығында Қарағанды медициналық академиясының педиатрия факультеті. Жылдық интернатураны 2006- 2007ж аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының балалар хирургиясы бойынша өткен. 2007 жылы балалар анестезиологиясы мен реанимациясы бойынша қайта даярлықтан өткен. Жұмыс жолын 2007 – 2016 жылдар аралығында Кентау қалалық ауруханасының балалар анестезиологы және реаниматологы қызметінен бастаған, 2016 – 2019 жылдар аралығында балалар бөлімшесінің меңгерушісі. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігердің медициналық сапа жөніндегі орынбасары. Жоғарғы санатты дәрігер. 2022жылдың тамыз айынан бастап Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.
Тулбасиев Орынбек Қыдырәліұлы, туған жылы 23 қазан 1984 жылы туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
2002 жылы No19 қазақ орта мектебін бітірген.
2002-2009 Х.А. атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетін бітірген. Ясауи, жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы.
Еңбек жолын Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының қалалық орталық ауруханасында инфекционист болып бастады.
05.06.2021 Кентау қалалық орталық ауруханасы рентгенолог дәрігері.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Кентау қалалық орталық ауруханасы басшысының сапа ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Ешмуратова Лаззат Наказқызы, 31.07.1962 жылы Ақтөбе обылысы Тереңсай елдімекенінде дүниеге келген. 1979 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін екі жыл мектептің іс жүргізушісі қызметін атқарған. 1981ж -1987ж аралығында Ақтөбе медициналық институтының емдеу ісі факультеті. Жылдық интернатураны 1987- 1988ж Кентау қалалық емханасында терапия мамандығы бойынша өткен. Жұмыс жолын 1988 – 1997 жылдар аралығында Кентау қалалық емханасының аймақтық терапевт қызметінен бастаған, 1997 – 2009 жылдар аралығында аймақтық дәрігердің меңгерушісі, 2009 жылдан бастап Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. Жоғарғы санатты дәрігер.