Ресми статистикаға сәйкес, елімізде міндетті жарналарын төлеуді келесі жылдан бастап мемлекет жүзеге асыратын жеңілдік берілген азаматтар санатына жататын 11 млн. азамат бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар жеңілдік берілген азаматтар санатына кірмейді.
Жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет көрсетпейтін азаматтар дербес төлем жасаушылар санатына жатады.Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті жарналарды аударып отырғанын түсіну керек. Сондықтан, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлер әлеуметтік медициналық сақтандырудың толыққанды қатысушылары бола отырып, сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етілетін болады. Жүйеге қатысу үшін олар бірыңғай жиынтық төлем жасауы қажет.Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері айлық есептік көрсеткіш есебінен анықталады. Яғни,
облыс орталығы тұрғындары үшін 1 АЕК = 2 525 теңге,
елді мекен тұрғындары үшін 0,5 АЕК = 1 263 теңге.
БЖТ басты идеясы – төрт міндетті төлемді бірреттік төлемге айналдыру.
Ашып айтар болсақ,
10 пайызы жеке табыс салығына бағытталады,
20 пайызын мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар құрайды,
30 пайызы зейнетақы аударымдарына кетсе,
40 пайызы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына жұмсалады.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 214,4 млрд теңгені құрады.Оның ішінде, 205,5 млрд теңгесі (шамамен 95,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (4,1% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Жарна аударудан Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта медициналық сақтандыру жүйесі шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Егер қандай да бір медициналық ұйым сізге қызмет көрсетуден бас тартса немесе қызмет сапасыз көрсетілсе, қордың 1406 байланыс орталығына хабарласуға болады.